

CATEGORIES
TAGS


БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ: ӨНДІРІСТІК ЦЕХ ӨНІМДЕРІ САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ
🔹Ботаникалық бағымызда орналасқан «Жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехі» өз өнімдерін сатылымға шығарды.
🔹ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының қолдауымен ашылған цех жұмысы қарқынды жүріп жатыр
🔹Бүгінгі таңда цехтен 13 түрлі өнім сатылымға шықты. Олардың қатарында: кептірілген өрік (жоғарғы сұрып), сүйегі бар кептірілген өрік (жоғарғы сұрып); кептірілген алма, алмұрт, банан, банан (кокоспен); алмұрт пен өрік пастиласы (асқабақ, күнбағыс дәнімен), жаңғақ қосылған өрік пастиласы; компоттық қоспа бар. Цехтің барлық өнімдері университетіміздің ботаникалық бағында өсетін жеміс-жидектерден жасалды.
🔹Аталған өнімдер қолжетімді бағада тек облыс көлемінде ғана емес, Қазақстан бойынша таратылады.
🔹Айта кетейік, цехте алдағы уақытта басқа да өнімдер мен жаңа дәмдер нарыққа шықпақ.