

CATEGORIES
TAGS


ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді
ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми әлеуметімен танысты. Алдымен академияның Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Пеями Батталмен кездесті. Кездесу барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья жұмыс сапарының негізгі мақсатына тоқталып, өңірлерді ғылымға үлкен назар аудару керектігін тілге тиек етті.
Делегация жұмыс сапары барысында Ботаникалық бақтағы коммерцияландыру жобасының аясында іске асырылып отырған жұмыстармен арнайы барып танысты. Коммерцияландыру офисінің директоры Азат Исаков осы коммерцияландыру жобасы аясында іске қосылған Жемістерді ғылыми зерттеу және өндірістік қайта өңдеу цехінің жұмысымен таныстырды.