

CATEGORIES
TAGS
Түркістан қаласының бірнеше супер маркеттерінің сөресіне қойылған өнімдер
Университетіміздің ботаникалық бағында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының қолдауымен «Жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехі» ашылған болатын.
Жаз бойы өндірістік цехте: жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау сынды қызмет түрлері орындалды. Ал, бүгінгі таңдағы қуанышты жаңалықтың бірі – цех 13 түрлі өнімді сатылымға шығарды.
Түркістан қаласының бірнеше супер маркеттерінің сөресіне қойылған өнімдер қатарында: Кептірілген өрік (жоғарғы сұрып), кептірілген өрік сүйекпен (жоғарғы сұрып); Кептірілген алма, алмұрт, банан, банан (кокоспен); Алмұрт пен Өрік пастиласы (асқабақ, күнбағыс дәнімен), Өрік пастила (жаңғақпен); Компоттық қоспа бар.
Айта кетейік, тұтынушылардың сұранысына байланысты алдағы уақытта цех өнімдердің жаңа ассортименттер санын арттыратын болады. Қолжетімді бағадағы табиғи таза өнім бүгінде көптің көңілінен шығуда.