

CATEGORIES
TAGS


Университетіміздің Ботаникалық бағында Коммерцияландыру жобасы аясында «Жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехы» ашылды.
«Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы аясында оқу ордамызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының қолдауымен «Жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехы» салтанатты ашылып, іске қосылды.
Цехтың ашылуына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев және университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова қатысып, лентасын қиды.
Университетіміздің ботаникалық бағында орналасқан цехтың мақсаты – Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы ботаникалық бақтың құнды генофондын сақтау, қалдықсыз өнім өндіру болып табылады. Қазіргі таңда, цех заманауи құралдармен жабдықталып, жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау қызмет түрлері орындалады. Сондай-ақ, өндірістік цех 1 тәулікте 5-7 тонна өнім қабылдап, қайта өңдей алады.
Коммерцияландыру офисінің басшысы Исаков Азат ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаға өндіріс процесін таныстырып, табиғи кептірілген алма, алмұрт, өрік өнімдерін ауқымды түрде экспорттау бойынша жоспарын атап өтті.