

CATEGORIES
TAGS


Жаңа оқу жылы құтты болсын құрметті оқытушылар, студенттер!
Жаңа оқу жылы құтты болсын құрметті оқытушылар, студенттер!
Коммерцияландыру офисінің ұжымы сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды! Биылғы жыл жарқын идеялар мен сәтті жобалар уақыты болсын. Біз сіздерді инновациялар мен коммерциялық жетістіктерге жету жолында қолдауға дайынбыз!
Биыл біз инновациялық жобалар мен зерттеулерді қолдауды және дамытуды, сондай-ақ бизнес пен ғылым әлемінде табысқа жетуге ұмтылатындардың барлығына жаңа мүмкіндіктер ұсынуды жалғастырамыз. Біздің қызметіміздің негізгі бағыттары:
1. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру секторы🔭
Зерттеушілер мен ғалымдарға олардың идеялары мен жаңалықтарын нарықта сұранысқа ие өнімдер мен қызметтерге айналдыруға көмектесеміз. Біз бизнес - модельдер мен нарыққа шығу стратегияларын әзірлеуге қолдау көрсетеміз.
2. Патент және зияткерлік меншікті қорғау секторы📜
Біз әзірлемелерді патенттеуге, авторлық құқықты қорғауға және инновацияларыңызды барынша қорғау үшін зияткерлік меншікті басқару Стратегияларын жасауға көмектесеміз.
3. Бизнес-инкубатор YASSAWI, стартап жобаларды қолдау секторы🚀
Стартап жобалармен айналысатын білім алушыларды қолдау, стартап жобалардың санын, сапасын арттыру және олардың арасында кәсіпкерлікті ынталандыру.
4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру секторы🩺
Үнемі өзгеріп отыратын сала жағдайында кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған денсаулық сақтау мамандары үшін оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастырамыз.
Сізге жаңа оқу жылында табыс тілейміз! Даму мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз – біз сізді әр кезеңде қолдауға әрқашан дайынбыз!🙌🏻