

CATEGORIES
TAGS


«Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеудің заманауи аспектілері» атты Халықаралық ғылыми семинар өтті
ҒжЖБ министрлігінің Ғылым комитеті мемлекеттік мекемесіне қарасты Ғылым қоры АҚ-ның қолдауымен коммерцияландыру жобасы сәтті орындалуда. Осы жоба аясында университетіміз бен Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеудің заманауи аспектілері» атты Халықаралық ғылыми семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты - инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы ботаникалық бақтың құнды генофондын сақтау, қалдықсыз өнім өндіру және тұтынушылармен тығыз байланыс орнату болып табылады.
Жиынның алғашқы сөз кезегін Қаржы және стратегиялық даму вице-ректоры Мустафа Нұрсой бастап, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Жанібек Исабеков жалғады.
Халықаралық ғылыми семинарда оқу ордамыздың техникалық ғ.к., қауымдастырылған профессоры м.а., Ғ.И.Исаев - “Ғылыми зерттеу жұмыстары мен нәтижелерін коммерцияландырудың бүгіні мен жоба бағыттарын қалыптастыру тренді”,
Қауымдастырылған профессор м.а., PhD Н.Салыбекова - “Түркістан өңіріндегі субаридті жағдайында сәндік ағаш дақылдарының бейімделу мүмкіндігі”,
Коммерцияландыру офисінің директоры А.Исаков - “Кептірілген жемістерді өндіру мен сату процесстерін басқару және тұтынушылармен байланыс орнату” сынды тақырыптарда өз баяндамаларын ұсынып, пікір алмасты.
Сонымен қатар жиынға, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, Атамекен ҰКП-ның басшылары, ҚР ғылым академиясының “Яссы білім тарату орталығының төрағасы және кәсіпкерлер мен ірі сауда үйлерінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің делегация ғалымдары да өз баяндамаларын оқып, жібек өнеркәсібін дамыту саласындағы ғылыми-практикалық ынтымақтастық тақырыбында өзекті мәселелерді қозғады.
Семинар нәтижесінде, қос университеттің оқытушы-профессорлары ауылшаруашылық саласы бойынша тәжірибе алмасып, сертификаттармен марапатталды.