

CATEGORIES
TAGS


Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитеті пен «Ғылым қоры» АҚ басқармасы коммерцияландыру жобалары аясында іске асырылған нысандарды аралады.
Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрағасы Галимжан Жанқуатов пен «Ғылым қоры» АҚ басқармасының төрағасы Камиль Акатов университетіміздің коммерцияландыру жобаларымен арнайы танысып, жоба аясында іске асырылған нысандарды аралады.
Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы ботаникалық бақтың құнды гендік қорын сақтау, қалдықсыз өнім өндіруді мақсат еткен жобалардың маңыздылығына тоқталды. Қонақтар өндірістік цехтың қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау сынды қызмет түрлерін бақылап, кептірілген жеміс-жидектердің дәмін татып, жоғары бағалады.
Келесі кезекте, ботаникалық бақта орналасқан, жоба аясында салынған жылыжайларды аралады. Оқу ордамызға келген қонақтардың дәстүрі бойынша Галимжан Жанқуатов пен Камиль Акатов өз қолдарымен көшет отырғызып, естелікке суретке түсті.
Біз қонақтарымызға келгені және біздің күш-жігерімізді жоғары бағалағаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл сапар біздің жобаларымыздың маңыздылығын және олардың ауыл шаруашылығы мен экология саласындағы ғылым мен технологиялардың дамуына қосқан үлесін атап өтті.