Кептірілген қара өрік (чернослив)

Қара өрік – ағзаға пайдалы әсер ететін көптеген микроэлементтерге бай пайдалы өнім. Кептірілген қара өрік құрамында иммундық жүйені нығайтып, асқазан мен жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектесетін А, В, Е және С дәрумендері бар.
Мысалы, қара өріктегі коротиноидтар көздің денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Қара өрік - сүйектерге, тістерге, шашқа және теріге пайдалы әсер ететін дәрумендер мен минералдарға бай.
Қара өрік құрамында:
- Кальций;
- Натрий;
- Магний;
- Фосфор;
Кептірілген қара өрік қантсыз, майсыз десерттерге қосылады және пайдалы тағам ретінде қолданылады.